19 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионатының финалындағы бокстан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы алғашқы кездесу өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
57 келіге дейінгі салмақта бүгін Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында алғашқы кездесуде Феруза Шарипова ринг иесі Аяжан Ермекпен «алтын» үшін тартысты. Жекпе-жек нәтижесі бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске Аяжан Ермек Азия чемпионы атанды.
Сонымен қатар, «алтын» үшін айқас 54 келі салмақта Аяжан Сыдық пен үндістандық қарсыласы Таманна арасында өтті. Отандасымыз айқын басымдылықпен жеңген болатын. Ал 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Багжан Отынбай осы салмақтағы чемпионды анықтау жекпе-жегінде қарсыласы, Үндістан өкілі Нишаға есе жіберді.