Сабырхан Төрехан 67 келі салмақты 19 жасқа дейінгі ASBC Азия біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Турнирге танымал қатысушылардың бірі қазақстандық Төрехан Сабырхан өзбекстандық Мұхаммедазизбек Исмоиловпен финалдық жекпе-жек өткізді.
67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен «қазақ Ломаченкосының» інісі жекпе-жекті өте жақсы бастап, өзбекстандық қарсыласын жылдам әрі күшті шабуылдармен ұтты.
Ал үшінші раундта Төрехан қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті Төреханға берді.
Бұл Төрехан Сабырханның Азиядағы төртінші чемпиондық атағы.
Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.
Қазақстан бокс федерациясының бас серіктесі — «Самұрық Қазына» АҚ, серіктес — «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.