Түркия астанасы Стамбулда күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта соңғы 3-ші жолдамаға таласады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ұлттық құрама спортшысы ширек финалда Грузиялық балуан Рамаз Зоидзеге есе жіберген болатын. Осы салмақта грек-рим күресінен дәл осы грузин спортшысы мен Молдова спортшысы Валентин Петич қол жеткізді. Екі спортшы арасындағы жекпе-жекте қазақ балуанын ұтқан Зоидзе жеңіске жеткендіктен, Дінмұхаммед Қошқарға «жұбаныш» белдесуінде Олимпиада лицензиясына таласуға тағы бір мүмкіндік берілді.