Қазақстан 2028 жылы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге өтініш берген болатын. Сол өнітім нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
ТАСС агенттігіне Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф мәлімдеуі бойынша Қазақстан әлем чемпионатын өткізу идеясынан бас тартқан.
«Қазақстан 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізуге берген өтінімінен бас тартты», — деді Тардиф.
Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпанда Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев ҚХФ әлем чемпионатын өткізуге өтінім бергенін, матчтар Астана мен Алматыда өтуі тиіс екенін айтқан болатын. Өтініштің тұсаукесері 23-24 мамырда Чехия астанасы Прагада өтетін Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінде өтеді деп жоспарланған болатын.