Астанада басталған дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының финалистері анықталды. Жарыстың алғашқы күнінде бақ сынайтын ерлер құрамасының үздігі Елдос Сметов қола жүлдеге таласады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бүгін татамиге -48 кг, -52 кг, -57 кг салмақ дәрежелеріндегі әйелдер және -60 кг, -66 кг дәрежелерінде ерлер шықты. Естеріңізде болса, Елдос Сметов бірінші айналымда португалиялық спортшы Родриго Коста Лопесті айқын жеңді. Екінші айналымда Садики Юнесті ұтты. Ширек финалда бейтарап спортшы Абдуллаев Рамазанға есе жібергенмен, «жұбаныш» белдесуінде Түркменстан өкілі Омиров Аибекті жарыс жолынан шығарды. Осылайша Елдос Сметов Qazaqstan Barysy Grand Slam қола жүлдесі үшін күретін болады.
Айта кетейік, Ғалия Тынбаева турнирдің «алтынына» таласады. Финалдық жекпе-жектер сағат 17:00-де басталады.