Қазақстан құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының екінші күнінде екі қола еншіледі, деп хабарлайды федерация баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sportbugin.kz.
Абылайхан Жұбаназар жарыс жолында ширек финалда жапон балуаны, төрт дүркін Grand Slam чемпионы Фудзивара Сотароға есе жіберген еді. Алайда «жұбаныш» белдесуінде айқын жеңіспен Олимпиада чемпионы Хасан Халмурзаевты жеңіп, қола жүлдеге жолдама алды.
Қола үшін күресте швейцариялық спортшыны алғашқы минуттан белсендік көрсетіп, басым түсті.