Спорттық гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының мүшесі Ілияс Азизов жарақат алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Азизов командалық көпсайыста ел намысын қорғаған болатын. Өкінішке қарай, ол кермедегі жаттығу кезінде аяғын ауыртып, жарысты жалғастыра алмады.
Бас бапкер Александр Кимнің айтуынша, Азизов қатардан шыққан соң, құрама командалық жарыстан жүлде ала алмаған.
Әзірге, дәрігерлер спортшының жарақатын бақылауда.
Айта кетелік, Азия чемпионатында Қазақстан әзірге бір медаль жеңіп алды. Милад Карими көпсайыстан күміс жүлдегер атанды.