Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
48 келі салмақта белдескен Абиба ширек финалда бразилиялық Наташа Ферейраны жеңді. Абиба финал жолдамасын моңғолиялық Баасанху Бавудоржбен белдеседі.
Турнир барысында Абиба Түркия және Словакия балуандарынан басым түскен.
Өкінішке қарай, Нұрқанат Серікбаев жарысты аяқтады. Үшінші кезеңде ол Grans Slam турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ли Харимнен қосымша уақытта ұтылды.