Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем біріншілігінің алғашқы жарыс күнінде екі қазақстандық спортшы қола медальға таласады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
48 келі салмақта күрескен Абиба Әбужақынова жартылай финалда моңғол балуанына есе жіберді.
Ал 60 келідегі Елдос Сметов ширек финалда ресейлік Аюб Блиевтен ұтылды. Алайда, жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы жарыстан шеттетілгендіктен, Сметов бірден қолаға күресу мүмкіндігін алды.
Осылайша, араға екі жыл салып аталған екі балуан әлем чемпионатының қоласына таласады. Олар Ташкенттегі әлем біріншілігінде (2022) қола жүлдегер атанған болатын.
Әбужақынованың кіші финалдағы қарсыласы — түркиялық Тукче Бедер.