Қазақстандық гимнаст Милад Карими Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Каррими кермедегі жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, төрешілерден 15.033 ұпай алды.
Күміс және қола медальді қытайлықтар Хао Тянь (14.300) мен Цзяолэй Ляо (13.800) иеленген.
Айта кетелік, бұл Миладтың Ташкент төрінде жеңіп алған үшінші медалі. Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығудан күміс иеленген болатын.
Сондай-ақ, кешегі жарыс күнінде Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында өнер көрсетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Париж Олимпиадасында Қазақстан атынан Милад Карими мен Нариман Курбанов өнер көрсетеді.