Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев бүгін татамиге шыққан Эсмигуль Куюлованың ауыр жарақат алғанын айтты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бас бапкердің айтуынша, Куюлова польшалық Анжелика Шманскамен белдескенде жарақаттанған.
«Үшінші айналымдағы поляк қызы өте мықты. Сол белдесуден соң Куюлова жарақаттанып қалды. Қолын ауыртып алды. Сол жерден IJF дәрігерлері жедел жәрдем шақыртып, алып кетті. Бірақ жақсы бастап еді. Екі айналымнан өтті. Алысқа барады деп үміттенгенмін», — дейді бас бапкер.
Бүгін әлем чемпионаты барысында Эсмигуль Куюлова Қырғызстан мен Кабо-Верде балуандарын ұтты.
Бірақ польшалық қызбен белдесу кезінде ауырту әдісіне түсіп қалды.
Эсмигуль Куюлова дзюдодан Азия ойындары мен Азия чемпионатының қола жүлдегері.