Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өтіп жатқан волейболдан Challenge Cup турнирінде тартысты өткен ойында Вьетнамға жол берді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
В тобындағы бұл матч 1-3 есебімен аяқталды: 14-25, 19-25, 25-14, 23-25.
Біздің команда алғашқы турда Сингапурды сенімді ұтқан (3-0). Айта кетейік, В тобында Қазақстанмен бірге Индонезия, Вьетнам, Сингапур, Қытайдың Гонконг командасы бар. Ал А себетінде Филиппин, Қытайдың Тайпейі, Үндістан, Иран мен Аустралия өзара үздіктерді анықтап жатыр.
Біздің команданың алдағы ойын кестесі мынадай:
25 мамыр, Индонезия – Қазақстан
26 мамыр, Гонконг – Қазақстан
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері – Ришат Гилязутдинов. Команданың әлі турнирдің жүлдесіне таласатын мүмкіндігі бар. Ол үшін топтағы қалған ойындарда жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алуы керек.