Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталып, Париж Олимпиадасына баратын былғары қолғап шеберлері толық анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада жолдамасын иеленді. Ол ширек финалда кубалық боксшыға есе жіберді.
Алайда, соңғы жолдаманы сарапқа салатын жекпе-жекте молдовалық боксшыны жеңді.
Қыздар арасында Назым Қызайбай (50 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) Париж Олимпиадасына лицензия алды.
Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы тарихта тұңғыш рет Олимпиадаға үш боксшыны алып барады.
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі