Таеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Самирхон Абабакиров G-1 санатындағы Luxembourg Open турнирінде жеңіске жетті, — деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 63 келі салмақта барлық қарсыласынан айласын асырды.
Айта кетейік, бұл бәсекеге ересектер арасында 331 спортшы қатысты. Ал Самирхон топ жарған 63 кг дейінгі салмақта 33 таеквондошы күш сынасты.
Самирхон Абабакиров наурыз айында Тайань қаласында өткен лицензиялық турнирде 58 кг дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізген.
Люксембургтегі жарыс жазғы ойындарға дайындықтың бір кезеңі саналады.