Азия теннис федерациясы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық 15 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы ұпай санын 2 610-ға жеткізіп, рейтингте көш бастады.
Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.