«Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев жаңа қызметке кірісті, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұзақ жылдар бойы қазақ күресімен айнылысып, көптеген турнирде жеңіске жеткен танымал балуан өзінің туған өңіріндегі спорттың дамуына атсалысады. Атап айтқанда, ол Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
Бұған дейін де Бейбіт спорт клубына басшылық жасаған.
Бейбіт Ыстыбаев қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің 2012, 2015, 2016 жылдардағы жеңімпазы. Сондай-ақ, 2011 жылы аталған турнирдің финалына дейін жеткен болатын.
Командалық сында «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы атанған.