Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Біздің команданың еншісінде 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль бар. Екінші орында 2 алтын, 1 күміс иеленген Қытайлық Тайпей командасы тұр. Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді.
Құрлық додсында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншілеген.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова) ;
жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина);
ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров);
жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина):
андерлер арасындағы жекелей сыннан (Николя Винокуров)
және андер қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды.