Бокстан 51 келі салмақтағы басты фавориттердің бірі — Сәкен Бибосынов пен Хасанбай Досматов. Кәсіби бокстан әлем чемпионы Марат Мәзімбаев екі боксшыға қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportbugin.kz.
Айта кетелік, осыған дейін Бибосынов пен Досматов үш рет кездесіп, оның екеуінде өзбек боксшысы басым түскен болатын.
«Досматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атануды армандайды. Сәкеннің де арманы — Олимпиада алтыны. Бұл жерде бәрі Бибосыновтың өз қолында. Хасанбайға қарағанда, Сәкеннің қолдары ұзын. Осы басымдықты пайдалану керек. Ара-қашықтық сақтап, өзіне жақындатпау керек. Досматовты жеңуге болады», — дейді Мәзімбаев.
Сәкен Бибосынов бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы.