Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков Париж Олимпиадасы қарсаңында өз пікірін бөлісіп, командаға сәттілік тіледі, деп жазады Sportbugin.kz.
«Қазір боксқа лицензия алу да қиындап кетті. Өйткені, аталған спорт түрі бар әлемде дамып жатыр. Біздің команданың сапында Азия, әлем чемпиондары бар. Құрам жаман емес. Сондықтан, тек сәттілікке байланысты бәрі.
«Бақ шаба ма, бап шаба» ма дегендей… Жігіттердің ішінде осы жақсы, осы осал деп ешкімді айтпаймын.
Иә, қазір өзбектермен жиі салыстырады бізді. Бұрын біз жақсы болсақ, қазір олар алға шықты. Себебі, боксты бүкіл ауылға апарды олар. Енді жігіттер әлемдік турнирлерден жолдама алды ғой. Бұл да оңай емес», — дейді Буданбеков.
Айта кетелік, Дамир Буданбеков Қазақстан құрамасын 2004 жылдан бастап жаттықтырды. Жаттықтырушы отандық боксшыларды Бейжің Олимпиадасына бастап апарған.