Франция футбол федерациясы Аргентина ойыншыларының үстінен ФИФА-ға шағымданбақшы. Бұған аргентиналық футболшылардың расистік пікірлері себеп болған, деп жазады Sportbugin.kz.
Аргентина құрамасы Америка кубогінің жеңімпазы атанды. Финалда олар Колумбияны 1:0 есебімен жеңген.
Финалдан соң Аргентина футболшылары әлеуметтік желіге видео жариялаған. Аталған видеода Франция құрамасын рас тұрғысынан мазақтағаны анық байқалады.
Айта кетелік, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина Франциядан басым түскен болатын.