Спорттық гимнастикадан Жапония әйелдер құрамасының капитаны Секо Мията Олимпиада қарсаңында командадан шығарылуы мүмкін, деп жазады Sportbugin.kz.
Жапония гимнастика одағы Миятаны командалық кодексті бұзды деп кінәлауда.
Атап айтар болсақ, Монакодағы оқу-жаттығу жиыны кезінде спортшы шылым шеккен. Сека Миятаға қатысты шешім жақын арада қабылданады.
Мията 19 жаста, ол спорттық гимнастикадан 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ, Азия біріншілігінде талай мәрте тұғырдан көрінген.