Париждегі Олимпиада ойындарында садақ атудан ерлер арасындағы турнир басталды. Қазақстаннан алғаш болып Ильфат Абдуллин сынға түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Команда үздіктерінің бірі 1/32 финалда канадалық Эрик Питреске қарсы ойнаған болатын.
Аталған кездесуде Ильфат 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Енді спорттың бұл түрінен Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түседі. Олар 1 тамыз күні бақ сынайды.
Фото: Владислав Семенов