Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстандық боксшы Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді.
Испандық атлет бірінші раундта 4:1, екінші раундта 5:0, ал үшінші раундта 3:2 есебімен басымдық танытты. Қорытынды есеп — 4:1.
Бұл Париж ойындарын аяқтаған ұлттық құраманың үшінші боксшысы.
Бұған дейін Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыспен қоштасқан болатын.
Фото: Тұрар Қазанғапов