Күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында екі қазақ балуаны финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта Юсуф Ашрапов финалға шықты. Ол жартылай финалда нейтралды атлет Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Юсуфтың ақтық сындағы қарсыласы — ирандық Ахмадреза Мохсен Нежад.
Сондай-ақ, 82 келідегі Ислам Евлоев та финалда белдеседі. Жартылай финалда Исламның қарсыласы, нейтралды атлет кілемге шыққан жоқ. Ақтық сында қазақстандық балуан түркиялық Альперен Бербермен белдеседі.
Ал 60 келіде күресетін Оңдасын Хамитов қола медальға таласады.