Албания астанасы Тиранада күрес түрлерінен олимпиада бағдарламасына енбейтін салмақ дәрежелеріндегі әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін Қазақстан қоржыны тағы бір күміс медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жәмила Бақбергенова финалда жеңіліп қалды.
Ол ақтық сында жапониялық Ами Ишимен белдесіп, қарсыласына 6:8 есебімен жол берді.
Осылайша, Жәмила үш рет әлем чемпионатының финалында күресіп, үшеуінде де жеңіліс тауып отыр.
Бұған дейін ол Осло (Норвегия, 2021) мен Белградта (Сербия, 2022) өткен әлем чемпионаттарының финалында ұтылған еді.
Одан бөлек, Бақбергенова 2023 жылы өткен әлем чемпионатында қола медаль алған.