17 жастан аспаған ойыншылар арасындағы Тәжікстан құрамасы Гуам командасының құрдастарын 33:0 есебімен жеңіп, 2025 жылғы Азия кубогының іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды.
16 жастағы Назриев 14 гол соқты. Бұл дегеніміз — Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) қолдауымен ұлттық құраманың матчтарында шығып жүрген бір ойыншының рекордтық көрсеткіші. Оның үстіне, Тәжікстан жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы ұлттық командалардың бір матчында гол соғу бойынша рекорд орнатты.
Матчта тағы 6 голды Назрулло Ашурализода соқса, Умед Джафоев хет-трик жасады. Ал Хайдаршо Худойдодов, Парвиз Бобоназаров пен Асадбек Махтумовтар екі голдан кіргізді.
Естеріңізге салсақ, алдыңғы рекорд, 2001 жылдан бергі ввстралиялық Арчи Томпсонға тиесілі болған. Ол америкалық Самоа командасының қақпасына 13 гол соққан болатын (33:0). Бұл ойында рекорд — халықаралық құрама матчтарында соғылған голдың саны бойынша еді.
Тәжікстан құрамасы үш матчта 9 ұпай жинап, J тобының турнир кестесінде бірінші орында тұр. Сонымен қатар төртікте Гуам құрамасынан басқа Оман мен Сингапур командалары да бар.