Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабы Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz
Қазақстан құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин барлық салмақ дәрежесі бойынша 12 өкілден тұратын құрамды атады.
48 келі: Әйгерім Сәттібаева
50 келі: Алуа Балқыбекова
54 келі: Сымбат Әлиасқар
57 келі: Ұлжан Сәрсенбек
60 келі: Виктория Графеева
63 келі: Аида Әбікеева
66 келі: Милана Сафронова
70 келі: Наталья Богданова
75 келі: Диана Мағауияева
81 келі: Гүлсая Ержан
81 келі: Елдана Талипова.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай құрлық біріншілігіне қатыспайды. Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чиангмайда (Таиланд) өтеді. Қазір Елдос Сайдалиннің жетекшілігімен әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.