Қазақстандық дзюдошылар жылдық циклдегі соңғы турнир Токио Grang Slam сериясында өнерлерін аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz
7-9 желтоқсан күндері өткен турнирге әлемнің 46 елінен 282 дзюдошы қатысты. Қазақстан әйелдер және ерлер құрама командаларынан барлығы 11 спортшы бақ сынаған болатын.
90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен дзюдошы Мейірлан Максим турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алып, қола жүлде үшін күресте сүрінді.