Қарағандыда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz
Ел біріншілігіне 450 былғары қолғап шебері қатысқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Төрехан Сабырхан (67 келі) және әйелдер арасында Назым Қызайбай (48 келі) «үздік» боксшы атанды.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 14 дүркін Қазақстан чемпионы атанса, ал 11 боксшы алғаш рет мұндай атаққа қол жеткізді: Дәулет Молдашев, Төрехан Сабырхан, Тимур Қабдешов, Темірлан Мұқатаев, Тимур Нұрсеитов, Азамат Бектас, Сабыржан Аққалықов, Данияр Рахымбердинов, Анита Адишева, Лаура Есенкелді, Жасмин Қизатова.
Командалық есепте Астана жеңіске жетті.
1.Астана қаласы — 5 алтын, 2 қола жүлде.
2.Алматы қаласы — 3 алтын, 5 күміс және 10 қола жүлде.
3.Шымкент қаласы — 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдеге иеленді.