«Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы»РҚБ федерацияның мүшелері мен қатысушыларына қорытынды конференция өткізді, деп жазады Sportbugin.kz
13 желтоқсан 2024 жылы Астана қаласында 2024 жылғы спорттық іс-шаралардың қорытындылары мен нәтижелері жарияланған «Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-нің жыл сайынғы ІІІ есептік конференциясы өтті. Virtus Халықаралық федерациясының ережелері бойынша интеллектуалдық даму бұзылыстары бар пара спортшылар жіктемесінің ерекшеліктері талқыланды. Сондай-ақ, 2025 жылғы жұмыс жоспары мен Қазақстандағы интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдардың спорттағы айтулы жетістіктері үшін пара спортшылар марапатталды.
2024 жылы Федерация спортшылары Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының, «Самрұқ-Қазына ҰӘАҚ» АҚ мен «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» Корпаративтік қордың қолдауымен жартылай марафон және 10 км жүгіру, үстел теннисі, үлкен теннис және велоспорт бойынша әлем чемпионаттарының төртеуінде лайықты өнер көрсетіп, нәтижесінде 3 алтын, 3 күміс пен 2 қола медальдар жеңіп алды.
Virtus — ресми атауы интеллектісінде бұзылыстары бар спортшыларға арналған Халықаралық спорт федерациясы, Халықаралық паралимпиада комитетінің негізін қалаушылардың бірі.
«Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясы»РҚБ Қазақстан Республикасындағы интеллектуалдық бұзылыстары бар адамдарға арналған спортты дамытумен айналысады және VIRTUS Халықаралық федерацияның мүшесі болып табылады.