Анастасия Городко параллельді могулден Туриндегі универсиада ойындарының 2 дүркін чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz
Туринде қысқы Универсиада жалғасуда. Бүгін 10 шақырымға еркін стильде шаңғымен жүруде сынға түскен қазақстандық спортшылар жүлдегерлер қатарына іліге алмады. Ал параллельді могулда қазақстандық финал өткен болатын. Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова жартылай финалда жапондық қарсыластарын жеңіп, алтын медаль үшін таласқа түсті. Нәтижесінде Анастасия Городко — параллельді могулден Туриндегі универсиада ойындарының 2 дүркін чемпионы атанса, Аяулым Әмренова күміс медаль иеленді.
Ерлер арасында Антон Бондарев параллельді могулден Турин универсиадасының күміс жүлдегері атанды. Осылайша, құрамамыз жалпы есепте 2-орынға көтерілді.