Грузиндік жартылай қорғаушы Лука Имнадзенің «Ордабасы» футбол клубына ауысуы туралы Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко пікір білдірді.
Оның сөзінше, ойыншыға жақсы төлем ұсынылған.
— Имнадзенің кетуі — «Қызылжар» үшін үлкен соққы. Менің ойымша, оның «Ордабасына» ауысуына қомақты қаржының ұсынылуы әсер етуі мүмкін. Лука —Қазақстан чемпионатына бейімделген, жақсы футболшы. Ал «Ордабасы» болса, өткен маусымда жетіспеген ойыншыны толықтырып, өздерінің қорғанысын күшейтті, — деді ол.
Айта кетейік, 27 жасар ойыншы мансабында грузиялық «Гурия», «Сабуртало», «Кохети-1913», «Самтредиа», әзербайжандық «Сабаил» клубтарында ойнаған. 2023 жылы грузиннің жартылай қорғаушысы Орал «Ақжайық»сапында өнер көрсетті. Өткен маусымда ол «Қызылжарға» ауысып, 28 матч өткізіп, 5 гол соққан.