Итальяндық танымал спорт журналисі Фабрицио Романо 16 жастағы қазақ баласы Дастан Сәтпаевтың лондондық «Челсиге» ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Челси» 2008 жылы туылған қазақстандық талант Дастан Сәтпаевпен келісімге келді. Трансфер құны 4 миллион еуроны құрайды. Одан бөлек, алматылық «Қайраттың» бонусы бар. Қазақстандық лига үшін рекордтық трансфер. Дастан 18 жасқа толғанда «Челси» құрамына қосылады», — деп жазды ол.
Дастан Сәтпаев 2008 жылдың 12 тамызында туылған. Ол алматылық «Қайрат» сапында доп теуіп жүр. Футбол мамандары оны «қазақстандық вундеркинд» атап кеткен.