Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа кеңесші келді. Ирандық Фатиме Сафарпур бас бапкер Есбол Сұлтановқа көмектесетін болады, деп жазады Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Шетелдік маман бұған дейін ұзақ уақыт бойы Иран мемлекетінің жастар құрамасын жаттықтырып, ересектер командасында жұмыс істеген.
Сафарпур екі рет жастар арасындағы Әлем чемпионатында үздік жаттықтырушы атағын жеңіп алды.
Фатиме Сафарпурдың тағайындалуы отандық таеквондошылардың әлемдік жарыстардағы жетістігін арттырады деп күтілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Есбол Сұлтанов WT таеквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын. Сұлтанов 2024 жылғы Париж Олимпидасында Тунис құрамасын жаттықтырып, бір алтын, бір қола медаль жеңіп алған.
2024 жылы World Taekwondo Есбол Сұлтановты үздік жаттықтырушы деп таныды.