Әзербайжанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасы медальдарының сапасына байланысты ресми түрде хат жолдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
Париж Олимпиадасында жүлде алған жеті әзербайжандық спортшының, оның ішінде чемпион атанған Идаят Гейдаров пеен Зелим Коцоев та бар, медальдары айтарлықтай өзгеріске ұшыраған.
«Зерттеу жүргізе келе, Әзербайжан ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетіне ресми хат жолдады. ХОК-тан жауап алынған соң, медальдарды қайтарып, жаңасына ауыстыруға байланысты шешім қабылдаймыз», — делінген хабарламада.
Айта кетелік, бұған дейін 2024 жылғы Олимпиаданың жүзден аса жүлдегері медальдарды қарайып кеткені үшін қайтарып берген болатын.
Халықаралық Олимпиада комитеті бүлінген медальдардың тез арада жаңасына ауыстырылатынын мәлімдеген.
Қазақстан командасы сапынан нысана көздеуші мерген Александра Ле ғана медалінің қарайып кеткенін айтты.
Фото: Reuters