
4-16 ақпан аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында қылыштасудан Əлем кубогы өтті. Жарысқа Азия мен əлемнің 13 елінен 100-ден астам спортшы қатысты, — деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Атап айтар болсақ, Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Бразилия, Нигерия, Гонконг, Түркия, Израиль, Болгария, Беларусь жəне Қазақстан нояндары өзара жүлдеге таласты.
Өз елімізде өткен әлемдік жарыста қазақстандық спортшылар жоғары нəтиже көрсетіп, бес медаль жеңіп алды.
«2022 жылы біз Алматыда алғаш рет жасөспірімдер арасында Əлем кубогын ұйымдастырдық, бірақ ол тек қыздар арасында өтті. Айта кету керек, бұл турнир Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) тарапынан жоғары баға алды. 2023 жылы Қазақстанда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатын өткіздік, оған 300-ден астам спортшы қатысты.
Биыл біз жасөспірімдер арасындағы Əлем кубогын толық форматта – ұлдар мен қыздар арасында өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Бұл тəжірибе Қазақстанның əлемдік қылыштасу қауымдастығындағы беделін арттырып, сенім деңгейін көтереді. Біз бұл қадамдар 2027 жылы Қазақстанда ересектер арасында алғаш рет өтетін олимпиада алдындағы Азия чемпионатын өткізу құқығын алуға негіз болады деп үміттенеміз.
Ал осы жарысқа тоқталсақ, қазақстандық семсерлесушілер халықаралық қарсыластарымен лайықты бəсеке көрсетіп, жекелей жəне командалық жарыстарда жоғары нəтиже көрсетті», – деді Қазақстан Семсерлесу Федерациясының
президенті Мирбулат Абуов.
Алматыдағы Əлем кубогының қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар медаль жеңіп алды. Жекелей сында Нұрмұхаммед Жайлыбай күміс жүлдегер атанды. Әдемі Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы қола жүлде иеленді. Командалық жарыста Қазақстанның қыздар құрамасы күміс медаль жеңіп алса, ұлдар құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Қылыштасудан Алматыдағы Əлем кубогының нəтижелері:
14 ақпан – қыздар (жекелей сын)
1. PERDIBAEVA Gulistan (Өзбекстан)
2. JUMAMURATOVA Ayakoz (Өзбекстан)
3. SHOKIROVA Samira (Өзбекстан)
3. SERIKBAI Adema (Қазақстан)
15 ақпан – ұлдар (жекелей сын)
1. KUPELI Adem Doruk (Түркия)
2. ZHAILYBAY Nurmukhammed (Қазақстан)
3. KALENDER Enes Talha (Түркия)
3. NURKATULY Kainazar (Қазақстан)
16 ақпан – командалық жарыстар (ұлдар, қыздар)
Ұлдар:
1. Қазақстан
2. Өзбекстан
3. Түркия
Қыздар:
1. Өзбекстан
2. Қазақстан
3. Болгария
Əлем кубогы Алмалыбақ ауылындағы Олимпиадалық дайындық орталығында өтті.
Турнирдің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, сондай-ақ «Sport Qory» қолдау қоры.