
Бокстан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде Ертуған Зейнуллинов жеңімпаз атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
63,5 келі салмақта сынға түскен Ертуған өзінің ұлттық құрамадағы басты қарсыласы — Мұхаммедсабыр Базарбайұлын сенімді жеңді. Есеп — 5:0.
Бұған дейін Зейнуллинов Қазақстан Спартакиадасында және Париж Олимпиадасына іріктеу турнирінде Мұхаммедсабырдан ұтылған болатын.
Осылайша, ол Болгария төрінде есе қайтарды.
Айта кетелік, Ертуғаннан бөлек, Бекзад Нұрдәулетов (86 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) пен Төрехан Сабырхан (67 келі) жарыс жеңімпазы атанды.
Нұрбек Оралбай (86 келі), Тимур Қабдеш (54 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Тимур Нұрсейітовтер (75 келі) турнирдің күміс медалін еншілеген.
Қола жүлдегерлер — Теміртас Жүсіпов (48 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі) және Данияр Рахымбердиев (92 келі).