
Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі аяқталуға жақын. Финалда жұдырықтасқан қазақ боксшыларының ішінде 18 жастағы Төрехан Сабырхан да бар, деп жазады Sportbugin.kz.
67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан финалда әзербайжандық Заур Кахрамановтан басым түсті. Есеп — 3:2.
Бұл Төрехан Сабырханның ересектер арасындағы халықаралық жарыста жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Ол бұған дейін Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Төреханның туған ағасы Махмұд Сабырхан денсаулық жағдайына байланысты Болгариядағы турнирге қатыса алмады.