
Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Bulgaria Open халықаралық додасын жеңіспен бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Болгарияның София қаласында таеквондодан Bulgaria Open халықаралық турнирі өтуде. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық таеквондошылар 5 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алды. Осылайша, ел құрамасы медаль кестесінде көш бастады.
Алтын жүлдегерлер: Нұрперзент Саматұлы (48 келі), Әлинұр Еркін (55 келі), Анастасия Ряботенко (44 келі), Тоғжан Қазынабек (59 келі), Сабина Туртулова (+68 келі).
Күміс жүлдегер: Сержан Барақпаев (78 келі)
Қола жүлдегерлер: Шахнұр Өркен (45 келі), Теміржан Тасқын (51 келі), Серік Жарқын (+78 келі)
Турнир әлі жалғасуда.