
Еркін күрестен Атланта, Афины және Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, алты дүркін әлем және Еуропа чемпионы Бувайсар Сайтиев 49 жасында көз жұмды, деп жазады Sportbugin.kz.
Даңқты балуан өз үйінің ауласында өзін жайсыз сезінген. Алдымен тамақтан ұшынды деген болжам болып, жедел жәрдем шақырылған.
Алдын ала болжам бойынша, Бувайсар Сайтиев жүрек талмасынан қайтыс болған.
Ресейлік бапкер Дзамболат Тедеев Сайтиевті жүз жылда бір туатын жан деп бағалады.
Ал Ресейлік күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили Сайтиевпен ертең бірге ұшуы керектігін айтқан.