
Болгария астанасы Софияда бокстан халықаралық «Странджа» турнирі аяқталды. Жарыстың ең соңғы жекпе-жегінде қазақ және өзбек алыптары жұдырықтасып, өзара мықтыны анықтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Аса ауыр салмақта финалда Айбек Оралбай мен Өзбекстан өкілі Жахангир Зокиров кездескен болатын.
Бірінші раундта Айбек күтпеген жерден нокдаун алып, екінші раундта есепті теңестірген. Алайда, соңғы раундта төрешілер басымдықты Зокировқа берді.
Осылайша, Айбек Оралбай өзбекстандық Жахангир Зокировтен жеңіліп қалды.
Айта кетелік, Айбек 2024 жылы өткен Азия біріншілігінде топ жарған болатын.