
Болгария астанасы Софияда аяқталған бокстан «Странджа» турнирінде Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын Қазақстан ерлер командасы жарыс қорытындысы бойынша 5 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Өзбекстан 5 алтын, 1 күміс, 2 қола еншілеген.
Үздік үштікті 2 алтын, 3 қола медалі бар Болгария иеленді.
Қазақстан сапынан Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Бекзад Нұрдәулетов (86 келі) алтын медаль жеңіп алды.
«Странджа» турнирін бейресми түрде «кіші әлем чемпионаты» деп те атайды.