
Freedom QJ League Жасөспірімдер футбол лигасының екінші маусымын жұмсалған қаражат көлемін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
2024 жылы Freedom QJ League қатысушы командаларына қаражат жағынан оң ықпалын молынан тигізді. Айта кету керек, өткен маусымда лига аясында 320 матч өтті. Ол дегеніміз әрбір клуб екі турнирге (U-18 және U-17A) қатысып, маусым барысында 22 рет басқа өңірлерге сапар жасап, доп тепті.
Осы орайда, жұмсалған қаражатты есептеп көрейік. Әуе билеттерінің орташа құны бір адамға шаққанда шамамен 100 мың теңгені құрады. Әрбір сапарға шыққан команданың делегациясы 22 ойыншы және штаб өкілдерін қамтығанын ескерсек, U-18 және U-17 турнирлеріне қатысушы клубтардың логистика шығындарын жабу үшін лига шамамен 50 миллион теңге жаратты.
Команданың жатын орнын ескерсек, қонақ үйге 2 күнге орналастыру және ҚФФ диетологтары мақұлдаған үш мезгілдік тамақтану шығындары орта есеппен бір адамға 50 мың теңгені құрады. Нәтижесінде, маусым барысында осы талаптарды орындау үшін шамамен 25 миллион теңге жұмсалды.
Қорытындыласақ, өткен маусымда Freedom QJ League командалары жалпы ұзақтығы 652 сағатқа жалғасқан 326 әуе рейсін, 1416 сағаттық 59 пойыз сапарын және 930 сағатқа жалғасқан 155 автобус сапарын жасады. Командалар, төрешілер мен инспекторлардың билеттеріне, сондай-ақ олардың тұруы мен тамақтануына жалпы алғанда 1 миллиард теңге жұмсалды.
Бұдан бөлек лига футбол орталықтарының қажеттілігіне керек инвентарлық жабдықтар шығынын да өз мойнына алды. Бұл шамамен 80 млн теңгені құрады.