
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Аталған турнирде қазақстандық жас дзюдошылар 5 медаль жеңіп алды.
Атап айтар болсақ, Тоқтар Батырхан (90 келі) мен Мырзатай Қыдырбай (73 келі) алтын жүлдегер атанды.
Дәулеткерей Сефил (73 келі), Әділжан Жаудинов (+90 келі) және Ердәулет Жұмабай (+90 келі) қола жүлдегерлер қатарында.