
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы IBA әлем чемпионатында бір боксшымыз жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
52 келі салмақта сынға түскен Анита Адишева алғашқы айналымда мексикалық Патино Хуареске жол берді.
Өкініштісі сол, Анита қарсыласын нокдаунға жіберсе де, төрешілер жеңісті қарсыластың еншісіне жазды.
Осылайша, жас боксшымыз жарысты аяқтады.
Ал 54 келідегі Жайна Шекербекова қарсыласының жекпе-жектен бас тартуына байланысты турнирдің келесі айналымына өтті.