
Астанада таеквондодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Астана қаласындағы Beeline Arena спорт сарайында таеквондодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Чемпионатта 2011-2013 жылдары туған 814 жасөспірім 20 салмақ дәрежесі бойынша таеквондошылар өзара мықтыны анықтайды.
Аталған Қазақстан чемпионаты нәтижесінде Фуджейрада өтетін жасөспірімдер арасындағы өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама жасақталып, жолдама үлестіріледі.
Айта кетерлігі, ел бірінішілігі биыл бірінші рет салмақ дәрежесі бойынша өтпек. Бұған дейін спортшылар бой ұзындығы бойынша сынға түскен.
Қазақстан чемпионаты күн сайын сағат 9:00-де басталады.