
Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жарыс күні өтуде, деп жазады Sportbugin.kz.
Бүгін күндізгі сессияда сынға түскен Назым Қызайбай (48 келі) мен Карина Ибрагимова (57 келі) қарсыластарын жеңіп, ширек финалға өтті.
Назым словакиялық Николь Дурикованы үш рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңді. Карина колумбиялық қарсыласынан басым түсті.
Ал 75 келідегі Надежда Рябецтің қарсыласы жекпе-жектен бас тартқандықтан, қазақстандық спортшы бірден ширек финалға жолдама алды.
Айта кетелік, кеше бес боксшымыз ширек финалға өткен болатын.