
Испания кубогының финалы сәуірдің басты спорттық оқиғасына айналмақ. Сәуірдің 26-нан 27-сіне қараған түні, Астана уақытымен 01:00-де алаңға екі мәңгілік қарсылас — «Барселона» мен «Реал Мадрид» шығады,- деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл өте сирек жағдай: қос команда соңғы рет осы турнирдің финалында 2014 жылы кездескен. Енді жаңа тарих жазылмақ.
Финалға дейінгі жол да оңай болған жоқ. «Барселона» жартылай финалда мадридтік «Атлетиконы» сенімді түрде жеңсе, «Реал» «Сосьедадтан» басым түсті.
Каталондықтар бұл турнирдің абсолютті рекордшысы — олар өз тарихында 31 мәрте жеңіске жеткен. Ал мадридтік «Реал» кубокты 20 рет иеленген. Бұл көрсеткіш бойынша олар Бильбаоның «Атлетигінен» кейінгі үшінші орында (24 кубок).
Қазақстандық жанкүйерлер бұл тарихи матчты MEGOGO медиасервисінен тікелей эфирде тамашалай алады. MEGOGO — Испания кубогының Қазақстандағы ОТТ-сегменттегі эксклюзивті трансляторы.
Трансляция «Оптималды» және «Максималды» жазылымдарында қолжетімді болады. Матчты Smart TV, мобильді қосымша немесе сайт арқылы көруге болады. Ол үшін тек «Спорт» бөліміне өтіп, матчты тікелей эфирлер тізімінен таңдасаңыз жеткілікті.
Трансляцияның басталуы: 27 сәуір, Астана уақытымен сағат 01:00.
MEGOGO-мен бірге миллиондаған жанкүйердің қатарына қосылыңыз!
Еске сала кетейік, MEGOGO-да шетелдік контенттің ең кең каталогтарының бірі, сондай-ақ жергілікті фильмдер, телехикаялар, теледидар мен спорт жинақталған.
MEGOGO Қазақстанда Португалия футбол чемпионатын және Испания суперкубогын трансляциялайды. Сонымен қатар, Setanta Sports, Eurosport және басқа да танымал спорттық арналар осы жазылымда қолжетімді.