
Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысымен арада болған жағдайды айтты. Бұл туралы журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
«Рингте кімнің қолын көтереді, сол — жеңімпаз. Мен үшін бұл — қағида.
Әрі қарай мойындамай, видео жіберу, қазбалау деген нәрсе — маған жат. Есімде, 2021 жылғы әлем чемпионатында өзбекстандық Шахрам Гиясов менен жеңілді.
Бірақ жеңілгенін мойындамай, видеоүндеу жариялады. Бұл жекпе-жекте менен ұтылмағанын айтыпты. Содан соң, маған да қызық болып, кездесуді қайта қарап шықтым. Төрешілер үш раундта да маған 5:0 есебімен беріпті.
Мен үшін кімнің қолын көтерді, сол — жеңімпаз»,- деді Шымбергенов.
Айта кетелік, Асланбек Шымбергенов Сербияда өткен 2021 жылғы әлем чемпионатында украиналық Юрий Захариевке есе жіберген болатын.