
Велоспорттан ұлттық деңгейдегі басты жарыстардың бірі — Қазақстан чемпионатында «XDS Astana Team» командасының шабандозы Евгений Федоров алғаш рет жеке уақытқа жүру сайысында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Sportbugin.kz клубтың баспасөз қызметінің деректеріне сүйене.
Өскемен қаласындағы 50,4 шақырымдық трассаны Евгений 59 минут 42 секундта бағындырып, қарсыластарынан озып шықты. Екінші орынды иеленген Даниил Пронскийге ол 2 минут 34 секунд басым түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша, үшінші орынды тағы бір «XDS Astana Team» спортшысы Антон Кузьмин еншіледі. Командаластарының қатарынан Николя Винокуров мәре сызығын бесінші болып кесті.
Ақмерей Уалиханқызы